ОРЫТЫНДЫ

БЖЗ мультидисциплинарлық мәселе және ол азоттық тепе-теңдік өнімдерінің жоғарылауымен, су-электролиттер алмасуының бұзылыстарымен көрінетін бүйрек қызметтерінің жылдам төмендеуімен сипатталады, бұл кезде зақымданулар қайтымды болып саналады.

«БЖЖ» орнына жаңа «БЖЗ» терминін енгізу бастапқы көрсеткіштермен динамикалық салыстырғанда креатинин деңгейінің жоғарылауы және ШФЖ төмендеуіне негізделіп, бүйрек қызметі бұзылыстарын RIFLE бойынша жіктеуге, «бүйрек жетіспеушілігі» түсігіне қарсы бүйрек зақымдалуының ерте кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда кардиохирургиялық қызмет қарқынды дамып келе жатқан кезеңде БЖЗ даму жиілігі жоғарылауы күтілуде. Осы жағдайда БЖЗ дер кезінде анықтап, ерте коррекциялау заманауи медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, себебі бір жүйе бұзылысының емі басқа жүйелер қызметінің сақталып қалуына мүмкіндік береді.

Оқу құралында берілген бүйрек қызметтерінің бұзылыстарын анықтау әдістері, ажырату диагностикалық және тактикалық іс-шаралардың алгоритмдері, қосымшалардың анықтамалық мәліметтері және клиникалық жағдайлардың талқылануы кез-келген маманға негізгі ауруды асқындыратын – БЖЗ синдромының дамуын анықтауға көмектеседі.

Адекватты мониторинг, олардың дұрыс бағалануы БЖЗ ерте кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді. БЖЗ дамуының себептерін анықтау және оларды дер кезінде жою бүйрек зақымдалуының қайтымдылығын анықтап, сәйкесінше аурудың жалпы болжамын жақсартады.

ҚОСЫМШАЛАР:

1. ШФЖ анықтаудың есептік әдістері:

А) Шварц формуласы (балаларда қолданылады):

40* х бой (см)

ШФЖ= _____________________________________

сарысулық. креатинин (мкмоль/л)

* Коэффициент «40» жасқа байланысты өзгеріп отыруы мүмкін (кес. 6)

ШФЖ есептегенде коэффициенттің бала жасына тәуелділігі

Жасы Креатинин коэффициенті :
мкмоль/л мг/дл
Жаңа туған сәбилер 33-40 0,45
Препубертатты кезең 38-48 0,55
Постпубертатты кезең 48-62 0,7 (ер балалар)



В) Балалардағы (1-16 жас) ШФЖ анықтауға арналған жаңа эмпирикалық формула (АҚШ-та George J. Schwartz бастаған ғалымдар тобымен 2009 ж. ұсынылған), мұнда қан сарысуындағы цистатин С, креатинин және мочевина деңгейлері ескеріледі:

GFR= 39.1 х [height/Scr]0.516 х [1.8/cystatin C]0.294 х [30/BUN]0.169 х 1.099male х [height/1.4]0.188

GFR – шумақ фильтрациясының жылдамдығы (мл/мин/1,73м)

height - бойы (м)

Scr – қан сарысуындағы креатинин (мг/дл)

cystatin C – қан сарысуындағы цистатин-С (мг/л)

BUN – қандағы мочевина азоты (мг/дл)

male – ұл балаларға 1,099 көбейткішін қолданыңыз

С) Кокрофт-Голт формуласы (ересектерде қолданылады):

(140-жас (ж)) х салмақ (кг) х коэффициент (еркектерге-1,23, әйелдерге-1,05).

ШФЖ = _________________________________________________________________

сарысулық. креатинин (мкмоль/л)

2.Жасқа байланысты сарысудағы креатинин, цистатин С және шумақтық фильтрация жыдамдығының (ШФЖ) көрсеткіштері. (Filler G. с соавт., Clin Chem. (1997) 43:1077-1078 бойынша)

Жасы Креатинин Цистатин С, мг/л ШФЖ, мл/мин/1.73м2
мкмоль/л мг/дл
3 күн 80-130 0,8-1,5 1.2-2,4 20-30
7 күн 30-40 0,4-0,6 1.0-2,2 20-30
1 ай – 1 жас 25-40 0,4-0,6 0.8-1.6 70-100
2-8 жас 40-60 0,5-0,7 0.6-1.4 90-130
9-18 жас 50-80 0,6-0,9 0.6-1.4 90-130


7697947955405687.html
7697991636723770.html
    PR.RU™