Тақырып 12 Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық тәртібі.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды түлғаларға ар­налған арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың:

1) жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;

2) толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашыл ығының (соның ішінде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Мына аталғандардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды түлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға құқы жоқ:

1) еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;

2) занды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;

3) осы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилирлендірілген тұлғалары больш табылатын занды тұлғалар.

Аффилирлендірілген тұлға болып шешімдерді тікелей және жанама айқындауға және көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және өзге мәмілеге сәйкес байланысты, ьқпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.

Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін өнімді өндіру, ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.

Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы арнаулы салық режимін немесе салык салудың жалпы белгіленген тәртібін дербес таңдауға кұқылы.



Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертілмейді.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдары мен жер учаскелерінің) есебін бөлек жүргізуге және қызметтің мұндай түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жал­пы белгіленген тәртіппен және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

Күнтізбелік жыл патент күны есебіне енгізілген салықты есептеуге арналған салық кезеңі болып табылады.

Патент беру тәртібі.

Арнаулы салық режимін қолдану үшін салык төлеуші жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органьна уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуга өтініш береді.

Салық төлеушінің көрсетілген мерзімде өтініш бермеуі оның салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны жалпы белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келіскені бо­льш есептеледі,

Салық төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданудың алғашқы салық кезеңінде өтінішпен бірге жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды табыс етеді:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нота­риат куәландырған көшірмесін;

2) нотариат немесе жергілікті атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне құқығын растайтын құжатгардың көшірмелерін;



3) лицензиясын (қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырған жағдайда);

4) жұмыс берушінің (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлімделген қызметкерлер санына табыс түрінде төлейтін шы­ғындарын қоса алғанда, салық төлеушінің өткен бес жыл үшін жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшін қажетті есептерінің көшірмелерін табыс етеді. Бұл орайда аталған табыс­тарға жұмыс беруші материалдың, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез- келген табыстар жатады;

5) салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан мен тәртіп бойынша толтырған патент құнының есебі.

Жоғарыда аталған құжаттардың бәрі болған жағдайда салық органы бес жұмьіс күні ішінде патент береді.

Келесі салық кезеңдерінде салық төлеушілер салық органына патент алу жөнінде өтініш берген кезде, жоғарыда тапсырылатын құжаттардьщ 1-ден 5-ке дейін белгіленген құжаттарды олардағы деректер өзгерген кезде ғана табыс етеді.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркеу есебіне қойылған кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде осы арнаулы салық ре­жимін қолдану құқығына өтініш береді.

20 ақпаннан кейін басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аума­ғындағы жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда салық төлеуші осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнайы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.

Арнайы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерде 20 ақпаннан кейін жер учасесіне құқық туындаған жағдайда салық төлеуші осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнайы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.

Патент беру әрбір салық кезеңіне жүргізіледі.

Патент құнының есебіне енгізілген салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу тәртібі.

Патент кұнының есебіне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық (Қазақстан Республикасының міңдетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылған), меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепте тұрған жағдайларда) енгізіледі.

Салық кезеңінің басында патент кұнының есебіне енгізілген салық сомаларын есептеу:

1) корпорациялык табыс салығын және қосылған құн салығын белгілеу кезінде еткен бес жыл ішіндегі шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Жаңадан құрылған салық төлеушілер табыс пен шығындар көрсеткіштерін осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткіштері бойынша анықтайды.

Табыстар мен шығындар көрсеткіштерін анықтау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді;

2) әлеуметтік салықты анықтау кезінде - белгіленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығыстарына кестеде белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізіледі.

Бұл орайда жер берушінің қызметкерлерге табыс түрінде төлейтін шығындары осы шаруашылық бойынша еткен жыл ішіндегі орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлімделген қызметкер санына көбейту жолымен анықталады.

Жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін мәлімделген орташа жалақының мөлшері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс;

3) жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлік салығы мен көлік құралдары салығының со­масы жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Патент құнын есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 пайызға азайтылады. Осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебіне енгізілген салық және жер участкесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есептілік тапсырудан босатылады.

Ағымдағы салық кезеңі ішінде салық салу объектілері және патенттің құны есебіне енгізілген салық бойынша және жер участкелерін пайдаланғаны үшін төленген ақы бойынша салық база­сы өзгерген жағдайда, салық төлеушілер мұндай салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомаларына қайта есептеу жүргізеді.

Салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.

Патент құны есебіне енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларын бюджетке төлеу 20 мамырдан және 20 қазаннан кешіктірілмей, патент құны есебінде көрсетілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларыньщ тиісінше 1/6 және 1/2 мөлшерінде және патент құны есебіне енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы бойынша берілген қайта есептеулерді ескере отырьш, патент құнының қалған бөлігі мөлшерінде келесі салық кезеңінің 20 наурызында жүргізіледі.

Патент құны есебіне кірмеген салықтар және басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу, төлеу ерекшеліктері және олар бойынша салық есептілггін табыс ету.

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығын есептеудегі ережеге сәйкес жүргізіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу осы төлемақыларды есептеуде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеуді, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мен жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер мынадай тәртіппен жүргізеді:

1) ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сомалар 20 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді;

2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есеп­телген сомалар есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей төленеді;

3) Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелері орналасқан жерлер бойынша жүргізіледі.

Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар өткен салық кезеңі үшін 15 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде мынадай салық есептілігін:

1) жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларацияны;

2) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.

Арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке та­быс салығы бойынша есепті, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті және Мем- лекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті мынадай мерзімдерде:

1) ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарьнан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сома бойынша — 15 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде;

2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есеп­телген сома бойынша есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірмей тапсырады.

Осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлері бойынша патент құны есебіне енгізілмеген және осында көрсетілмеген салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп­теу, төлеу және салық есептілігін тапсыру жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


7701320099461048.html
7701342870629515.html
    PR.RU™